«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуді аудан әкімдігінің аппарат басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Нұрманов ашып, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, аппаратағы қызметкерлердің кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының алдағы кезеңге арналған жоспарлары мен негізгі міндеттері де сөз болды. Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру және кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ ұжым мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік қолдау, сауықтыру шаралары, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен кәсіподақтың жеңілдіктеріне қатысты пікір алмасты. Өз кезегінде филиал басшылығы барлық ұсыныс пен өтініш назарға алынатынын айтып, кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретінін жеткізді.
Мұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыруға, еңбек ұжымдарымен кері байланысты нығайтуға және қызметкерлердің кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұжымдық келісімдердің тиімді орындалуына және еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, кәсіподақ мүшелерімен ашық диалог орнату, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және еңбек ұжымдарының бірлігін нығайту бағытында жүйелі түрде өткізілетін болады.
Кездесуге барған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Қазақстан кәсіподағының халықаралық, республикалық деңгейде және филиалдың қалалық деңгейде атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етіп, ұжым мүшелерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
— «Еңбек озаты» төсбелгісімен Күзенбаев Ерлан Миятбекұлы, Айтжанов Пернебек Досжанұлы, Қалтаев Нұрсағым Базарбайұлы;
— «Құрмет грамотасымен» Кұрбанбаева Рауза Найзабекқызы, Ырысбекова Роза Махамадәзімқызы, Ысқақова Әсел Еркінқызы;
— «Алғыс хатпен» Шермахан Нұрқанат Талапұлы, Тасқожа Ғабидин Серікұлы, Исмаилов Акрамшик Олжабайұлы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ













Comments