ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

ШАРДАРАДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топтың қатысуымен қоғамдық орындарда кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейд барысында саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар араланып, санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізілді.
Нәтижесінде тазалық талаптарын бұзудың 27 фактісі анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 26 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылса, 505-бап бойынша 1 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушыларға жалпы 823,4 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, 17 азаматқа профилактикалық сипаттағы ескерту берілді.
Аудан аумағында тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін сақтау, заң талаптарын орындау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 53 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПКЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *