ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мобильді топ құрылып, қоғамдық орындарда рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Мобильді топтың қатысуымен қала аумағындағы саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, базарлар мен халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аралау барысында тазалық қағидаларын бұзу және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін құқық бұзушылық фактілері анықталуда.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 98 құқық бұзушылық фактісі анықталған. Сондай-ақ Кодекстің 505-бабы бойынша 137 әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам көлемде әкімшілік айыппұл салынды.
Рейдтік іс-шаралармен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, абаттандыру қағидаларын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламыздың тазалығы мен қоғамдық тәртібін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан баршаңызды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге, айналаңызды ластамауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырамыз.
Таза әрі көрікті қала – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осы бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Алдыңғы

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 53 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *