Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде
145 бұзушылық анықталды.

Анықталған кемшіліктердің ішінде 113 бұзушылық жойылып,
35 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 10 құқықтық актінің күші жойылып, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еркеше назар аударатын мәселелердің бірі ол — мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау. Жұмыс уақыты режимін сақтау бағытында жүргізілген мониторинг нәтижесінде үстеме жұмысқа заңсыз тарту деректері анықталып, 44 мемлекеттік қызметшіге 201 сағат қосымша тынығу уақыты беріліп, тиісті өтемақылары төленді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күн тәртібіндегі негізгі басымдық. Заң үстемдігі мен әдеп қағидаттары берік сақталған жерде ғана халық сенімі нығаяды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Копеев Мақсат Қайратұлы

РЕКЛАМЕ КАЛЬЯНА — НЕТ

Алдыңғы

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *