Ақмола облысында «Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын барынша азайту» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өңірдің құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын барынша азайту тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Департамент басшысы Нұрқат Батырқұлов өз сөзінде осындай ашық пікір алмасу алаңдары бізге күнделікті қызметтен бөлек, қоғам үшін маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік беретін атап өтті.
Диалог алаңы барысында құқық қорғау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырудың, заңдылық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған ашық диалог пен бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шарамен 900-ден астам қызметкер қамтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы











Comments