АймақДенсаулық

ТҮРКІСТАНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН «АНА МЕН БАЛА» ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Түркістан қаласында салынып жатқан медициналық нысандардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады.
Алдымен аппарат басшысы облыс орталығында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстармен танысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы 17 мыңнан астам шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталып, іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аппарат басшысы Түркістан қаласындағы 1,56 гектар аумақта бой көтеріп жатқан оңалту орталығының жұмысымен танысты. Нысанның құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізуде. Тапсырыс беруші – «TURKISTAN INTERNATIONAL AIRPORT» ЖШС-і. Ғимараттың жалпы алаңы — 2 227,41 шаршы метр. Жоба бойынша орталық аумағында балалар алаңшасы қарастырылған. Орталық толық заманауи жабдықтармен қамтылып, аумағы көгалдандырылады деп жоспарлануда. Жұмыс барысын пысықтаған Еркебұлан Дауылбаев нысанды өндірістік кестеде көрсетілген мерзімде тапсыруды міндеттеді. Құрылыс сапасы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында екенін жеткізіп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруді жүктеді.

МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮЛКІБАСТА 1 МЛН ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕТІН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *