Жаңалықтар

САРЫАҒАШТА 50-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласында 54 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қалаға қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен бой көтерген арендалық баспаналардың ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.

Айта кетейік, аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, шатыры жабылған. Нысан басында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандығын айтып, сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовқа құрылыс барысын баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

______

В САРЫАГАШЕ ВЕДЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО БОЛЕЕ 50 ЖИЛЫХ ДОМОВ

В рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023-2029 годы» в городе Сарыагаш ведется строительство 54 жилых домов. В микрорайоне Самал-3 города за счет частного инвестора ведется внутренняя отделка арендных домов. Сегодня аким района Арман Абдуллаев наблюдал за ходом строительно-монтажных работ жилых домов.

Отметим, что в рамках данного проекта залиты фундаменты 1, 2 и 3-х комнатных жилых домов, завершены кирпичные кладочные работы и перекрыты крыши. Глава района, который находился на объекте, сообщил представителю подрядной организации, что жилые дома строятся на благо жителей района и предупредил о необходимости зданий быть качественными, долговечными. Руководитель отдела строительства, архитектуры и градостроительства поручил Е. Космуратову доложить о ходе строительства, усилить контроль.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Бүгін, Париж олимпиада ойындарында боксшыларымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі.

Алдыңғы

ПАРИЖ-2024: МҰХАМЕДСАБЫР ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *