Бүгін «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының басшысы Сағынбек Асылбеков пен Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Серік Дүйсекеев Ауған соғысының ардагері, ардагер ұстаз Алим Розметовпен кездесті.
Кездесу барысында ардагердің қазіргі жағдайы мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударылып, оның ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде әлеуметтік мәселелері мен қажеттіліктері талқыланып, тиісті қолдау көрсету жолдары жөнінде пікір алмасты.
Алим Розметов – ұстаздық қызмет атқарып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Ауған соғысына қатысып, ел алдындағы азаматтық борышын өтеген ардагер. Оның өмір жолы – елге адал қызмет етудің, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштіктің үлгісі.
«Әділет» партиясы үшін халықпен тікелей байланыста болып, азаматтардың ұсыныс-тілектері мен әлеуметтік мәселелерін назардан тыс қалдырмау – негізгі бағыттардың бірі. Әсіресе ардагерлер мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға құрмет көрсетіп, олардың мәселелерін зерделеу тұрақты назарда.
Осындай кездесулер арқылы ел азаматтарының мұң-мұқтажына құлақ асып, көтерілген мәселелерді тиісті деңгейде қарастыруға ықпал ету көзделеді.
Ардагер Алим Розметов ағамызға зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!












Comments