Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа жол берме

Ізгілікті қоғамның іргесі әділдіктің салтанат құруыменнығаяды. Туралықты ту еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған әуелден басымдық танытып, сайлауалды тұғырнамасына ұстын болған үш ұстанымыныңбірінәділдік деп атады. Ал оған бастайтын қадамжемқорлықты түп-тамырымен жою. Президент ел тізгінінұстағаннан кейін халыққа берген уәдесіне берік болатынынайтып, ұлықтау рәсімінде он негізгі бағытты белгіледі. Соның қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар назарға алынды.

Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресубүгінгі таңда күнтәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемніңкөптеген елдері секілді біздің мемлекетіміз де сыбайласжемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуғабағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіпкеледі. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түріпарақорлық. Бірінші кезекте пара берудіңсебептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жоюүшін қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретіндесаналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмететуіне бөгет болып, билік және басқару органдарыныңбеделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Заңдылық қағидаларынжоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтарымен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

Бүгінгі таңда «Әділдік жоқ жерде пара алу жүреді» дегенсөз халық арасында белең алған. Егер сыбайлас жемқорлықжойылса, халықтың сенімі пайда болып, күдік те сап тыйылар еді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға тиісті. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Сондықтан оның алдын алып, қоғамнан жою, оныңұлғаюына жол бермеу халықтың өзінің қолында.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегіММ» КММ-ң Аға кеңесші заңгері Ахметов Айдос

 

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ҚОНАҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *