Бүгін еліміздің бас қаласы Астана қаласында Халықаралық еңбек ұйымы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясның ұйымдастыруымен «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумы өтіп жатыр.
Форум жұмысына шетелдік қонақтардан бөлек, еліміздің түкпір түкпірінен келген әр саланың өкілдері және Түркістан облысынан арнайы барған еңбек еленген арулар Нилуфар Хилветова, Айгуль Сайдуллаева мен Алия Киргизбаевалар қатысуда.
Форум барысында өз кезегінде сөз алған ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақтар федерациясының әйелдердің құқықтарын қорғау, гендерлік принциптерді дамыту, бағытындағы жұмыстары мен әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталып, келесі 2025 жылды «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК» жылы деп атауды ұсынды.
ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Comments