ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН 9 ЖҮК КӨЛІГІ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (-2-)

Сонымен бірге Сайрам, Сауран, Сарыағаш, Отырар, Келес ауданы, Кентау тұрғындары атынан 4 жүк көлігіне қажетті заттар жиналып, жалпы Түркістан облысынан бүгін 9 жүк көлігі және 2 Альфард, 1 Газель жолға шықты. Сондай-ақ облыстан 50 ерікті жас арнайы автобуспен көмек беруге аттанды.
Облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев және облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жолға шыққалы тұрған керуенді бастап бара жатқан қоғам белсенділеріне, Ассамблея мүшелеріне ақ жол тілеп, жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды көрсетуде өзгелерлге үлгі боларлықтай іс-әрекет танытып отырғанымызды мақтанышпен жеткізді. Бейсенбай Дәулетұлы осы күнге дейін су басқан аймақтарға депутаттар, аманаттықтар, қоғам жанашырлары, облыс тұрғындары тарапынан жиналған 370 тонна көлеміндегі гуманитарлық көмек 14 үлкен жүк көлігімен (Фура) жөнелтілгенін атап өтті. «Әрине, су басу қаупі сәл саябырсыды. Дегенмен әлі де көмеккке мұқтаждық жоғары деңгейде. Кезінде Арыс қаласындағы жарылыста, Мақтааралда су тасқыны болып, өңірде күрделі жағдай туындағанда еліміздің түкпір-түкпірінен көмек келген. Бұл қарыз емес, адамгершілік парыз. Барша үлес қосып отырған жандарға ризашылығымызды білдіреміз» деді ол.
Айта кетейік, Отырар ауданынан жолға шыққан керуенді аудандағы қоғам белсенділерімен бірге «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Еркеғали Таңатаров бастап барады. Түркістан облысында гуманитарлық көмек жинау, су басқан аймақтарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН 9 ЖҮК КӨЛІГІ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (-1-)

Алдыңғы

ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *