ӘлеуметҚоғам

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ана мен бала құқығын қорғау — қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Әлеуметтік көмекті қажет ететін ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту бүгінде елімізде ең өзекті әрі көкейтесті мәселелерінің бірі. Бұл тұрғыда мемлекет басшыларының жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес.
Осы орайда елордамыз Астана қаласында Халықаралық еңбек ұйымы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумында киелі Түркістан өңірінен қатысып отырған делегат, кәсіподақ мүшесі Нилуфар Хилветова форумда сөз алып, Ана мен баланы қорғау бойынша проблемаларды шешу туралы тақырыбында баяндама жасады.
Бұдан басқа, форумның пленарлық отырысында делегаттар алдында ХЕҰ еңбекшілер жұмысы жөніндегі Бюросының директоры — Мария Хелена Андре, ҚР КФ төрағасы — Сатыбалды Дәулеталин, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі — Микаэла Фриберг-Стори, ҚР ЕжХӘҚ бірінші вице-министрі — Ахмади Сарбасов, «Paryz» жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы бас директорының орынбасары — Шолпан Әбікенованың баяндамалары тыңдалды.

ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Алдыңғы

КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *