Бұдан басқа, семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Комиссия мүшелері Т.Әбішев, С.Жаркенова, З.Байсақова және Ш.Хасанова тыңдаушыларға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін нақты мысалдармен айтып берді.
Сонымен қатар тыңдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы шарттық органдарының бақылау функцияларымен, БҰҰ құрған бақылау органдарының құзыретімен танысып, БҰҰ тиісті комитеттерінде азаматтардың жеке шағымдарын қарау тетіктерін талқылап, адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласында тәжірибе алмасты.
Семинар соңында комиссия сарапшылары тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Comments