ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (-1-)

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні киелі Түркістан қаласындағы облыстық әкімдіктің мәжіліс залында, облыс әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішевтің модераторлық етуінде «Қазақстандағы Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Іс-шараға облыстық кәсіподақ өкілдерінің атынан «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев қатысты.
Семинар-тренингтің ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисінің адами өлшем мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Сара Д’Амико ханым мен Winrock International ұйымының «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жөніндегі жобасының» жетекшісі Элеонор Джудит Валентайн ханым құттықтау сөздерін айтты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.
Тыңдаушылар сондай-ақ азаматтар мен өзге де адамдардың ақпарат алуға, білім алуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға конституциялық құқықтарын іске асыру тетіктерімен, сондай-ақ қоғамдағы ықтимал еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және шешу тетіктерімен танысты.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЫ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *