БілімЖаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

27 ақпанда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Мирас» университетінің ректоры Нұркен Халықберген жоғары оқу орны мен қала әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

🔷 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары халық арасында ғылым мен жоғары білімді насихаттау, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін мүмкіндіктерді молайту, сондай-ақ оқу-әдістемелік зерттеулерді ілгерілету және іске асыру болып табылады. Бұл өз кезегінде өңірдің кәсіби әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

🔷 «Қол қойылған меморандум екі тараптың да академиялық қоғамдастық пен қала әкімдігі арасындағы байланысты нығайтуға, инновацияларды енгізуге және Шымкент қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға талпынысын куәландырады», — деп хабарлайды қала әкімдігі.

🔷 Тараптар қаланың білім беру және әлеуметтік салаларын дамытуда іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты. Мамандарға тәжірибе жинақтап, білім алмасуға мүмкіндік беретін келіссөздің маңызы өте зор.
Сонымен қатар, тараптар «Жайлы қалалық орта» жобасын бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға келісті.
Университетпен тығыз байланыс орнату республикалық маңызы бар қалаға және жалпы өңірге білім беру және әлеуметтік салаларды дамытуда жаңа серпін береді деп күтілуде. Сондай-ақ екі тарап арасындағы ынтымақтастық одан әрі нәтижелі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын және өңірдегі жоғары оқу орындарының арасынан жаңа әріптестерді тартуда әкімдік іске асырып жатқан білім беру саласындағы үдемелі саясаттың алғашқы қадамы болатынын атап өту қажет.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

___________________________________________

НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ: ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ МЕЖДУ АКИМАТОМ ГОРОДА ШЫМКЕНТ И УНИВЕРСИТЕТОМ «МИРАС»

🔷 Аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков и ректор университета «Мирас» Нуркен Халыкберген 27 февраля подписали меморандум о сотрудничестве между вузом и городской администрацией.

🔷 Основными направлениями сотрудничества являются популяризация науки и высшего образования среди населения, расширение возможностей для переподготовки кадров и повышения квалификации, а также продвижение и реализация учебно-методических исследований. Это, в свою очередь, приведет к повышению профессионального потенциала региона.

🔷 «Данный меморандум свидетельствует о стремлении обеих сторон к укреплению связей между академическим сообществом и городской администрацией, созданию условий для внедрения инноваций и повышения качества жизни жителей города Шымкент», — сообщили в городском акимате.

🔷 Стороны договорились совместно проводить мероприятия по развитию образовательной и социальной сферы города, что даст возможность специалистам обмениваться опытом, ресурсами и знаниями. Тем самым, будет достигнута одна из главных целей — повышение качества образования и научных исследований.
Кроме того, стороны договорились совместно разработать и реализовать проект «Комфортная городская среда».

🔷 Ожидается, что установление более тесных связей с университетом даст городу республиканского значения и региону в целом новый импульс в развитии образовательной и социальной сферы.

🔷 Необходимо добавить, что налаженное сотрудничество с университетом открывает новые перспективы для дальнейшего плодотворного взаимодействия и станет лишь первым шагом в реализуемой акиматом поступательной политики в области образования по привлечению новых партнеров из числа высших учебных заведений в регионе.

Пресс-служба акима города Шымкент

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *