Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы I-тоқсанда «Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» мәселені қарау жоспарланған. Осыған орай, арнайы құрылған уақытша депутаттық комиссия жиын өткізді.

Жиынды облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Көшенов жүргізді.

Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры Е.Есіркепов және уақытша депутаттық комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры Е.Есіркепов баяндама жасады.

Р.Мұздыбеков өз баяндамасында 2024 жылы 47 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 13,3 млрд. теңге (ҰҚ-10,8 млрд, тг., РБ-1,2 млрд. тг., ОБ-1,3 млрд. тг.) бөлініп, ағымдағы жылы 37 нысан аяқталатындығын, ал қалған 10 нысан 2025 жылға өтпелі екендігін жеткізді. Нәтижесінде, 14 елді мекен (Сарыағаш-2, Отырар-1, Төлеби-1, Келес-5, Созақ-4, Қазығұрт-1) ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің (Бәйдібек-1, Арыс-1, Сарыағаш-1, Төлеби-4, Жетісай-2, Мақтаарал-2, Түлкібас-1, Шардара-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша 8 елді мекенге (Сарыағаш-3, Келес-2, Мақтаарал-1, Шардара-2) кешенді блок-модуль қондырғысы орнатылатын болады.

2024 жылдың қорытындысымен, 832 елді мекеннің 761 елді мекенін (7 қала, 754 ауылдық елді мекен) немесе 91,7% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Баяндамашыларды тыңдағаннан соң, депутаттар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жиын соңында комиссия төрағасы С.Көшенов келесі отырысқа ұсыныстар енгізу үшін депутаттарға тиісті мамандармен аудан, қалаларға бірге барып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

 

 

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ «ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫН» АШТЫ

Алдыңғы

Түркістан: Төлебилік кәсіпкер ет пастиласын өндіруді қолға алмақшы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *