ЖаңалықтарСпорт

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл ХХХІХ рет жалауы желбіреген дәстүрлі халықаралық бокс бәсекесі тартысқа толы болды. 

Тартысты өткен жекпе-жектер нәтижесінде Түркістан облысының боксшылары жүлдеден құр қалмады. Түркістандық саңлақтардың еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар. Олжалы оралған спортшылар қатарында 92 келіде Сағындық Тоғамбай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, халықаралық доданың жеңімпазы атанды. Ал, күміс жүлдеге қол жеткізген 60 келіде Әділет Құрметов, 67 келіде Әбдікерім Әбдіғалым, 80 келіде Әбдікерім Бекболат сынды былғары қолғап шеберлері бар. Сондай-ақ, 92 келіде Бекзат Қашқын қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, Халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз және жүлдегер атанған саңлақтар Түркістан облысының «кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР АТАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 75 ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *