Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Бүгінде Түркістан облысында 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары — өнеркәсіптік жылыжай. Түркістан өңірі — жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі аймақ.

-Биыл жылыжайларда 681,5 гектарға — қияр, 792,8 гектарға — қызанақ, 154,6 гектарға — басқа дақылдар және 4,4 гектарға — көшет, 3,6 гектарға — лимон, 3,1 гектарға — гүл егілген. Жалпы облыстағы жылыжай шаруашылықтарынан 140 мың тонна өнім жиналған. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жылыжай шаруашылықтарын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам өтінімге субсидия төленді, — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.

Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна көмір жеткізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ОКОЛО 600 МЛН ТЕНГЕ СУБСИДИЙ ВЫПЛАЧЕНО ТЕПЛИЦАМ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Сегодня в Туркестанской области имеется 3 366 теплиц на площади 1 640 га. Из них 87,2 га — промышленные теплицы. Туркестанская область — это регион в стране, который развивает тепличное хозяйство.

— В этом году в теплицах засеяно 681,5 га — огурцов, 792,8 га — томатов, 154,6 га — других культур и 4,4 га — саженцев, 3,6 га — лимонов, 3,1 га — цветов. Всего с тепличных хозяйств области собрано 140 тыс. тонн продукции. В настоящее время ведется работа по посадке саженцев для первого урожая 2024 года. Кроме того, в целях поддержки тепличных хозяйств из областного бюджета выплачено 565 млн тенге субсидий более 100 заявок, — сказал заместитель акима Туркестанской области Ермек Кенжеханулы.

Кроме того, с 2024 года в тепличные хозяйства Туркестанской области дополнительно будет поставлено 150 тыс. тонн угля.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *