Сауран ауданында «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы аясында «Ынтымақ, бірлік, келісім — ең асыл бақыт ел үшін!» атты жиын болып өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Ерназар Баетов, зиялы қауым, мәслихат депутаттары және этнос өкілдері қатысты.
Форумда ел ынтымағын арттыруға бағытталған ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар, аудандағы этносаралық татулықты сақтауда үлес қосқан бір топ азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments