Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекеніндегі 200 орындық №57 жалпы білім беретін мектебінің құрылысы аяқталды. Облыс әкімімен кездесудегі ауыл тұрғындарының өтініші назарға алынып, құрылысы жүрген бұл мектептің салынғанына өркениеттіктер дән риза.

Аудан қайта құрылған 5 жыл ішінде 3 ауысымды мектептердің санын азайту және ыңғайластырылған мектептерді жою мақсатында 17 мектептің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде, 1200 орындық, 600 орындық, 300 және 200 орындық мектептер бар. Ал биыл Мақтаарал ауданында Еркінабад, Азамат, Өркениет және Нұрлыжол елді мекендерінен 200 орындық 4 мектептің құрылысы қолға алынды.

Жаңа білім ордасының құрылыс сапасын бақылауға арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын қолдау көрсету жалғасатынын айтты. Мердігермен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, құрылыс сапасы басты назарда екенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім саласын дамытуға жағдай жасауды, мектеп тапшылығын жоюды тапсырды. Осы мақсатта облысымызда жүйелі жұмыс атқарылды. Биыл өңірде мемлекеттік бюджет есебінен 33 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы биыл тапсырылса, қалғаны 2024 жылға өтпелі. Енді жаңа ғимараттарда білім беру ісін де жаңаша жандандырып, ауыл балаларының білімін көтеру керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Бұрын балалары көрші ауылға қатынап оқитын ауыл тұрғындары жаңа білім ұясын ашуға қолдау көрсеткен өңір, аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Мақтаарал – облыстағы халқы тығыз орналасқан аудандардың бірі. Халық саны жыл сайын артуда. Өркениет ауылында 1483 тұрғын бар. Оның ішінде, 0-5 жас аралығындағы бала саны – 227, 6-16 жас аралығындағы бала саны – 243. Өркениет ауылында мектептің болмауына байланысты 280 оқушы 2-3 шақырымда орналасқан Қ. Пернебаев ауылындағы №34 «Бірлік» және Қоңырат ауылындағы №35 «Болашақ» жалпы орта мектептерінде білім алуда. Осыған орай, оқушыларды білім беру сапасын көтеру және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бас мердігер – «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС.

Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимаратта физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ кітапханасы, спорт залы, асханасы бар. Жалпы мұнда оқушылар түрлі спорт, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатыса алады. Нысанның қасбетіне де, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.

Айта кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп салынады. Ал Мақтаарал ауданында осы жоба арқылы жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда 1500 орындық және 600 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары басталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

——————-

ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАВЕРШИЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО ШКОЛЫ 

Завершено строительство общеобразовательной школы №57 на 200 мест в населенном пункте Оркениет Мактааральского района. Обращение жителей села на встрече с акимом области было принято во внимание, и теперь оркениетовцы выражают благодарность за строительство школы.

За пять лет со дня образования района были построены 17 школ в целях сокращения количества трехсменных школ и ликвидации неприспособленных. Среди них есть школы на 1200, 600, 300 и 200 мест. А в этом году в Мактааральском районе велось строительство четырех школ на 200 мест в населенных пунктах Еркинабад, Азамат, Өркениет и Нурлыжол.

Аким области Дархан Сатыбалды, который специально проинспектировал качество строительства нового учебного заведения, отметил, что поддержка сферы образования будет продолжена.

Встретившись с подрядчиком и местными жителями, он отметил, что качество строительства находится в центре внимания.

— Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил создать условия для развития образования и ликвидировать дефицит школ. С этой целью в нашей области проведена большая работа. В этом году в регионе за счет государственного бюджета велось строительство 33 школ. Из них 20 сданы в этом году, остальные перейдут на 2024 год. Теперь нужно повысить уровень образования сельских детей, — сказал Дархан Сатыбалды.

Жители села, чьи дети раньше ездили в школу в соседнее село, выразили благодарность и признательность руководству региона и района.

Мактаарал — один из самых густонаселенных районов области. Его население растет с каждым годом. В селе Өркениет проживают 1483 человека, из них 227 детей до пяти лет и 243 — от шести до 16 лет. В связи с отсутствием школы в селе Оркениет 280 учащихся обучаются в общеобразовательных школах №34 «Бірлік» села К. Пернебаева и №35 «Болашак» села Конырат, расположенных в 2-3 километрах. В связи с этим, в целях повышения качества образования учащихся и обеспечения безопасности их жизни, были предусмотрены средства из бюджета, и по заказу управления строительства Туркестанской области в июне 2022 года были начаты строительные работы. Генеральный подрядчик — ТОО «Нурі-Л-Жетысай».

В новой школе предусмотрены все условия для качественного обучения. В здании есть кабинеты физики, химии, информатики, технологии, мультимедийные и лингафонные кабинеты с современными технологиями. Также имеются библиотека, тренажерный зал, столовая. Учащиеся могут участвовать в различных творческих кружках, спортивных секциях. Особое внимание уделено освещению и благоустройству пришкольной территории.

Отметим, по специальному поручению Президента страны Касым-Жомарта Токаева в рамках пилотного проекта «Комфортная школа» в Туркестанской области будут построены 63 школы. В Мактааральском районе в рамках проекта построят пять школ. Начато строительство двух школ на 1500 мест и 600 мест.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ШЫРШАСЫНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *