Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАДАН ӨТТІ

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында тәлімгерлік бағдарламасынан өткен 12 кәсіпкерге сертификат табысталды. Марапаттау шарасына Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ербол Әуелбеков пен Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Салтанат Төлегенова қатысты.

Бағдарлама аясында тәлімгерден сабақ алған әйелдер бизнесті жүргізудің барлық қыр-сырын меңгерді. Оқу онлайн, офлайн, семинар, тренингтер, мониторинг және сүйемелдеу форматында жүргізілген.

«Үлкен жетістікке жеткен кәсіпкерді үлгі етіп, сондай жетістікке мен де жете аламын деген сөз жігерлендіреді. Жыл бойы өздеріңізбен бірге кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты саралап, нақты шешім қабылдаудың маңыздылығын мейлінше түсіндіруге тырыстым. Нәтиже өте жақсы, барлығыңызда ілгерілеу бар. Алдағы уақытта жеке кәсібіңізді өркендету жолында толағай табыс тілеймін»,- деді ментор Салтанат Ходжа-Мамедқызы.

Айта кетсек, тәлімгерлік бағдарлама нақты міндеттерді шешуге бағытталған тәлімгер мен ментидің ұзақ мерзімді бірлескен жұмысын білдіреді. Жалпы тәлімгерлік бағдарламасы жыл бойы «Мен кәсіпкер» құралы аясында өткен.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТУРКЕСТАНСКИЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ ПРОШЛИ ПРОГРАММУ НАСТАВНИЧЕСТВА

На площадке Палаты предпринимателей Туркестанской области 12 предпринимателям, прошедшим программу наставничества, были вручены сертификаты. В церемонии награждения приняли участие заместитель директора Палаты предпринимателей Туркестанской области Ерол Ауелбеков и член Совета деловых женщин Туркестанской области, наставник Центра развития женского предпринимательства Салтанат Толегенова.

Обучаясь у наставника в рамках программы, женщины освоили все тонкости ведения бизнеса. Обучение проводилось в формате онлайн, офлайн, семинаров, тренингов, мониторинга и сопровождения.

«Обнадеживает то, что я могу стать примером предпринимателя, добившегося больших успехов, и добиться такого же успеха. В течение года я старалась всесторонне дифференцировать развитие предпринимательства и максимально объяснить важность принятия конкретных решений. Результат очень хороший, у всех есть прогресс. Желаю дальнейших успехов в развитии собственного дела», — сказала ментор Салтанат Ходжа-Мамедкызы.

Стоит отметить, что программа наставничества представляет собой долгосрочную совместную работу наставника и менти, направленную на решение конкретных задач. Общая программа наставничества проводилась в течение года в рамках инструмента «Мен кәсіпкер».

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ОТЫРАРДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 ЖАСАР БАЛА БАУЫРЫН ӨЛІМНЕН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *