ҒылымҚоғамСаяхатТехнология

Қазақстанды дамыту жаңа технологиялар мен инновация жолы бұл — машина жасауды қолға алу емес пе?!


Машина жасаужаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудың драйверіатты шығармашылық байқау.

Байтақ еліміз қарқынды дамып келе жатқан XXI ғасырда әлемдік дамыған елдер қатарына қосылу үшін аямай тер төгуде. Қай саланы алып қарасақ та, Үкімет және халық бірлесе, жұмыла жұмыс атқаруда. Соның бірі және бірегейі бұл — Қазақстанымыздың машина жасау саласына мән беруі, өңдеу өнеркәсібінде жетекші рөл атқаруға қадам басқаны.
Инновациялық бағытты дамытуға деген қадамдардың бірі — бас қаламыз Астанада «Машина жасау – жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту драйвері» тақырыбында XI форумының өткені нағыз дәлел емес пе?!
Осы орайда, форумға қатысқан, ұйымдастырған ұйымдарды жаза кетсем: ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бас болып, ҚР ИИДМ мен Қазақстан машина жасаушылар Одағының ұйымдастыруы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі. Олардың қолдауымен өткен керемет форумды барлық басты ақпарат құралдары мен интернет желілерінен естіп-біліп, бір марқайып отырғанымыз бар.
Форумды бақылай отыра,  БАҚ өкілдері қатыса алатын, өз бағын сынай алатын байқау басталғанын біліп, бағымды сынап көруді жөн көрдім. «Көз — қорқақ, қол- батыр» деп бекер айтылмаса керек. Әрі осындай форумнан кейін байқауды ұйымдастырушы – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» бірлестігіне алғыс білдіремін.

Шын мәнінде еліміздің жаңа драйверіне, яғни күшіне, тіптен ерекшелігіне айнала алатын бірден-бір бағыт — машина жасау. Тіптен форумның пленарлық отырысы кезінде талқыға салынып, қызу мәселеге айналған бұл саланың дамудың кешенді жоспарына алынып жатқаны көңілге қуаныш ұялатуда. Бұл болашақта еліміздің дамуы үшін істеліп жатқаны анық. «Отандық машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомотиві бола отырып, Үкіметтің назарында болды және солай болып қала береді. Машина жасаудағы өндіріс өсімі өткен жылы 9,4%, ал биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша 36% құрады«, – деген Әлихан Смайыловтың осы бір сөздерінің өзі бұл саланың дамитынына, әрі дамуға әрекет жасалып жатқанына көз жеткізеді деп ойлаймын. Әрі Үкімет басшысының «Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын құру, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті қамтуды ұлғайту және экспортты ілгерілету арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр«, — деп айтқан сөздері алдағы жылдарға үлкен жоспарлар болатынын, бұл бағыттың дамуы маңызды екенінің айқын бейнесі.
Меніңше, бұл сала нық қолға алынса, еліміздегі көптеген мәселелердің шешімін табуына жол ашылар еді. Нақтылай кетсем, біріншіден — жұмыссыздық шешілер еді. Орташа статистикамызға қарайтын болсақ, елімізде көп жастардың оқу бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуі немесе жұмыс орындарының болмауының өзі өзекті мәселелердің бірі емес пе? Әрине, басқа да тыс факторлар көп екені шүбәсіз. Ендігіде ойымызға келетін бір сауал — не себепті тауар толықтай өз елімізден шығуына жол ашылмасқа? Жаза берсең бұл мәселенің екінші мәселеге есігін ашуы осы бағыттың дамуында көптеген мәселелерді қамтитыны, әрі көмегін беретіні сөзсіз.
Әрі ең үлкен шешімін табуы тиіс мәселенің бірі — ол меніңше туризм саласына да үлкен үлес қосылар еді. Себебі, таулы-қырлы жерлерге, сонау батысымыздағы – Еділдің төменгі ағысынан, шығысымыздағы – Алтай тауларының етегіне дейін, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін орын алып жатқан байтақ жеріміздің жолына ыңғайлы машина түрі ойлап табылса, тіптен керемет емес пе? Әрі ішкі туризм мен еліміздің сөз жетпес байлықтарын бірінші кезекте өз халқымызға көрсете отырып, тарихты ұмытпауға, дәріптеуге, шет елден кем емес табиғатымызды болашағымыз «Z буыны» жастарына ұлтымыз бен салт-дәстүрімізді қоса естен шығармауға тәрбиелейтін еді. Шетел азаматтарына әлемнің 7 кереметінен кем емес елімізді көрсетіп, біз Европаны емес, Европа бізді іздеп келетін күнге жеткізуге атсалысар бағыттардың бірі екеніне нық сенімдімін.
Қорытынды пікірім, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Қазақстанымыздың дамуы үшін әр сала атсалысса, индустрия дамуы мен кооперациялық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар қалыптасуы мен машина жасау саласын одан әрі дамыту еліміздің стратегиялық маңызды жетістіктері мен міндеттеріне, әлемдік нарыққа өз брендімізді алып шығу мен әлемдік брендтермен бірлесіп жұмыс атқаруға жол ашады. Қазақстанды дамыту жаңа технологиялар мен инновация жолында — машина жасаудың қолға алынып жатқаны бір ғанибет емес пе!

Авторы:  Жанерке ОРАЛБЕК

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯ ЖЕТІСАЙҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *