Өтетін уақыты, күні: 09-00 – 18-00
20-22 қыркүйек, 2023 жыл.
Өтетін орны: Қонаев көшесі 7, Rixos President Astana
Астанаға Нобель сыйлығының лауреаттары келеді!
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» (ҚАТЗУ) және Патрис Лумумб атындағы Ресей халықтар достастығы университеті (РХДУ), В. М. Горбатов атындағы Ресей Ғылым Академиясының азық-түлік жүйелерінің Федералды ғылыми орталығымен серіктестікте 2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Астанада «Food Quality аnd Food Safety» (FQFS) (Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі) Халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.
Оған осы саланың білгірлері — Нобель сыйлығының лауреаттары, шет елдік елшіліктерінің өкілдері, халықаралық деңгейдегі танымал ғалымдар, Ресей және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлері мен Астана қаласының әкімі қатысады. Алғашқы күні Гёттинген Университетінің (Германия) кафедра меңгерушісі, профессор Я.В.Кузяков баяндама жасайды.
Конференцияда — тұрақты ғылыми-технологиялық дамудың басым міндеттеріне бағдарланған ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, бизнес-құрылымдардың, БАҚ-тың стратегиялық әріптестігін қалыптастыру үшін азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы инновациялық-технологиялық дамудың және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті міндеттері, тетіктері мен перспективалары талқыланады. Негізгі талқылаулар «Тұрақты Ауыл шаруашылығы», «Қазақстан-Ресей—Африка: жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі», «Азық-түлік қауіпсіздігі», «Білім беру мен тәжірибедегі Мега трендтер» секцияларында өтеді.
Зиген Университетінің (Германия) профессоры Madjid Fathi «Искусственный интеллект и технология знаний для повышения качества производства продуктов питания» (Artificial Intelligent & Knowledge technology for progressive Quality in Food Production) тақырыбы бойынша баяндайды.
Арканзас университетінің (АҚШ) PhD докторы, профессор Adnan Alrubaye, (онлайн) форматында, Керман университетінің ғалымдары Mohammadi-Nejad Ghasem* және Sonia Aghighi (Иран) offlineбаяндамаларын жасайды.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Шараға оnline және offline формасында қатысуға болады.
Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Comments