ЖаңалықтарМәдениет

Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі өтпек

Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі өтеді.

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі актриса Бикен Римованың 100 жылдығына байланысты «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі Мәдениет және ақпарат министрлiгi мен Жетісу облысы әкімшілігінің қолдауымен 4 қыркүйек пен қазан аралығында ТҮРКСОЙ ұйымының аясында өтеді.

Фестивальдің мақсаты – сахна саңлағы Бикен Римованың 100 жылдығын мерекелеу, оның есімін ұлықтау, сонымен қатар, режиссерлер мен актерлер арасынан кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан үздік сахнагерлерді анықтау. Фестивальге Қазақстаннан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры, Алматы қалалық Мәдениет басқармасының «Жаңа ғасыр» театры, Астана қалалық «Музыкалық жас көрермен театры» және шет елдерден Түркия, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері қатысады.

Фестивальдің бағдарламасы аясында Бикен Римованың бюсті салтанатты түрде ашылады. Сонымен қатар, ғасырға жуық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры фестивальдің шымылдығын Бикен Римова басты рөлді сомдаған «Еңлік-Кебек» қойылымымен ашпақ. Оның басты себебі, әйгілі актрисаның төл театрға ғұмырының басым бөлігін арнағаны болып отыр.

Фестиваль Халықаралық деңгейде өткізілетін болғандықтан фестивальдің қазылар алқасының мүшелері Қазақстанмен қоса, Әзірбайжан, Башқұртстан елдерінен сарапталды. Атап айтар болсақ, қазылар алқасының төрағасы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Өнертану ғылымдарының кандидаты – Еркін Жуасбек. Қазылар алқасының мүшелері: өнертану докторы, профессор, түркітілдес халықтар театрлары басшылары кеңесінің төрағасы, мұсылмандар басқармасы ғылыми-діни кеңесі төрағасының орынбасары – Исрафил Исрафилов, өнертану кандидаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доцентi, Театр сыншылар бірлестігінің президенті – Анар Еркебай, өнертану ғылымының кандидаты, доцент, Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының «Өнер тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі – Айсылу Сагитова, өнертану магистрі, Театр сыншылар бірлестігінің мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы – Айзат Қадыралиева қойылымдарды сарапқа салатын болады.

 

ҚАСЫМ ХАН ӘЙЕЛІНІҢ ҚОЛЖАЗБАСЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Алдыңғы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында семинар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *