АймақӘлеуметБизнесЖаңалықтар

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді.

Кәсіпкер өз шағымында келісімшарт бойынша қосымша келісімге қол қойылмағандықтан шөгінді жыныстарды (әктастарды) өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметін жалғастыра алмай жатқанын көрсеткен.

Қажетті құжаттардың толықтығына қарамастан, әкімдік қол қоюды 6 айға кешіктірген.

Кәсіпкерлік субъектісінің шағымынан кейін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп құзыретті органдармен кеңес өткізді. Нәтижесінде, ЖШС мен әкімдік арасында қосымша келісімге қол қойылып, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.

Жарты жыл ішінде кәсіпкер орындалған жұмыстар үшін төлемақы аламаған

Алдыңғы

Антикор волонтерлармен колледждерде оқуға құжат қабылдау процесінде шынайылықты қамтамасыз ету ұсынылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *