АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келестіктер кооператив құрып, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен кәсіп ашып жатыр. Жылыжай салуға басымдық берілген. Келес ауданының тұрғындарына есептік кездесуге келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті диқандармен жүздесті. Шаруалардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Қошқарата ауылдық округі, 1 мамыр елді мекеніндегі «Абдиев Бакытжан» ЖК-нің жылыжай кешенінде болды.

Мұнда ерте пісетін көкөніс дақылдары өсіріледі. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен суммасы 8 млн. теңге қаржы алған кәсіпорын басшысы 15 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 тонна көкөніс өндіруді жоспарлап отыр.

Келес ауданынан бұл жобаға 4 ауылдық округі еніп отыр (Қошқарата, Ошақты, Ақтөбе және Біртілек). Ауданда 114 жоба бойынша құжаттары мақұлданып, 52 жобаға 258 млн. теңге несие берілді. Осы бағдарламаның аясында несие алғандар саны артты.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Біздің облыс халқы табысты болуды таңдап, бұл мүмкіндікті пайдалану керек. Алда бұл мақсатта облысқа бөлінетін қаржы көлемі артады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Тұғындардың ет сүт, өсімдік шаруашылықтарын дамытып, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.

Дархан Сатыбалды Келес ауданы, Абай ауылындағы «DARMEN CLINIC» ЖШС медициналық орталығында болды. Құрылысы енді аяқталған мекемеде 75 білікті маман жұмыс істейтін болады. Жекеменшік аурухана өз қаржысы есебінен салынған. Клиника құрылысы мен медициналық құрал-жабдықпен қамтуға 190 млн теңге және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 204 млн теңге несие қаражаты жұмсалған.

Келесте денсаулық сақтау саласы бойынша жекеменшік клиникалар қатары артуда. Сондай-ақ Құйған және Қаратал елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік пункттер пайдалануға берілді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Абай ауылындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекемесінің «Қазыналы қария белсенді өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмысымен танысты. Былтыр наурыз айында ашылған орталық мақсаты – аудандағы зейнеткерлерді емдік сауықтыру және бос уақытын тиімді өткізу. Мұнда терапевт дәрігер кеңесі, мейіргерлік сүйемелдеу, массаж жасау, психолог көмегі, тұз кеніші, кітапхана, компьютерлік сауаттылық, спорттық іс-шаралар, шахмат, шашка, нарды, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд, қолөнер үйірмесі, домбыра, тігін үйірмесі, фитошай, гимнастика сынды қызмет түрлері көрсетіледі. Орталықта 300-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсетіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИДРОМАССАЖ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *