АймақБілімЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхана ашылды. Екі қабатты, зәулім ғимаратта оқырманға бар жағдай жасалған. Кітапханаға келушілер бос уақытын тиімді өткізіп, білімін жетілдіре алады. Бұл жерде кітап оқумен қатар, пікірталастар, тұлғалармен кездесу өткізіп тұруға болады. Мәдениет ошағының ашылуына келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа кітапханаға сиясы кеппеген бірнеше туынды тарту етті.

— Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Өкінішке орай, қазіргі кезде кітапқа деген қызығушылық азайып келеді. Кітап орын шет тілінлегі басылымдармен де толықтыру керек. Ауылдағы жағдай қаладан кем болмауы керек. Жас ұрпақты, балаларымызды кітап оқуды жақсы әдетке айналдырудағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, — деді Дархан Сатыбалды.

Аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары ауыл игілігіне айналған жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына табыс тілей отырып, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхана оқырмандарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылған кітапхана аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана көшіп келді. Жалпы, Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, біреуі аудандық орталық кітапхана және бір балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры 200 мыңнан асады.

Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Шаян елді мекенінде салынып жатқан білім ұясының құрлыс алаңында болды. Құны 300 млн. теңгеге 300 орындық «Зейін school» жеке меншік мектеп қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Шаян ауылынан 300 орындық жаңадан 1 мектептің құрылысы басталып жатыр. Бұл мектеп келер жылы пайдалануға беріледі.

Биыл оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасау үшін 190 млн. теңгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Н.Арапов пен О.Тайманов мектептерінің жылу жүйелеріне және Жамбыл мектебінің ғимараты мен ауласына 148 млн. теңге қаралып, мектептер жөндеуден өтті.

Бәйдібек ауданда 22 мектепке дейінгі ұйымдар және 50 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 3 мыңға жуық бала қамтылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫТА БИБЛИОТЕКА С ФОНДОМ В 100 ТЫСЯЧ КНИГ

В селе Шаян Байдибекского района открыта центральная районная библиотека с фондом в 100 тысяч книг. В двухэтажном здании созданы комфортные условия для чтения. Посетители читальни могут эффективно проводить здесь досуг и пополнять свои знания с помощью книг. Помимо этого, в библиотеке можно проводить дискуссии и встречи с людьми. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды, прибывший на открытие нового объекта культуры, подарил новой библиотеке несколько произведений.

— Книга — единственный спутник человека, который дарит духовную пищу. Роль книги в развитии мышления и сознания человека уникальна. К сожалению, интерес к книгам снижается. Ситуация в сельской местности должна быть не хуже, чем в городе. Желаю коллективу библиотеки успехов в работе по прививанию подрастающему поколению привычки читать книги, — сказал Дархан Сатыбалды.

Библиотека, открытие которой профинансировано из республиканского бюджета, располагается в здании районного Дома культуры. Всего в Байдибекском районе 25 библиотек — 23 сельских, одна районная центральная и одна детская. Книжный фонд в них превышает 200 тысяч экземпляров.

Прибыв с рабочим визитом в район, аким области посетил строительную площадку школы в населенном пункте Шаян. Частная школа «Зейна school» на 300 мест за 300 млн тенге будет сдана в эксплуатацию в сентябре. По специальному поручению Главы государства в селе Шаян начинается строительство одной новой школы на 300 мест в рамках пилотного национального проекта «Комфортная школа». Школа будет введена в эксплуатацию в следующем году.

В этом году, для создания условий для получения качественного образования учащимися школ, выделено 190 млн тенге на оснащение 24 кабинетов новой модификации, ведется соответствующая работа. Кроме того, на замену тепловых систем в школах имени Н. Арапова и О. Тайманова, а также на ремонт здания школы имени Жамбыла и ее дворовой территории было выделено 148 млн тенге. В Байдибекском районе 22 дошкольных организации и 50 школ. В рамках государственного заказа дошкольных образованием охвачено около трех тысяч детей.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ГРАНТ ҚАРАЖАТЫМЕН КӘСІП БАСТАҒАН

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *