ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамМәдениетСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 20 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Түркістан облысында биыл 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде, Сарыағаш ауданында 7 білім нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Аудандағы 4 білім мекемесі «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылса, қалған 3 мектепке облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Жуырда бір мектеп пайдалануға берілді. Тағы біреуінің жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Ал, қалған 5 мектеп қазіргі таңда жөндеуден өтуде.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданында болып, аталған мектептерді аралады.

— Мектептердің алдағы оқу жылына дайындық барысына мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін тексеру топтарын ұйымдастырған едік. Аудандарда орын алуы мүмкін мәселелерді өзім арнайы аралап, көріп шықтым. Жөндеуден өтіп жатқан 20 мектеп 15-і 1 қыркүйекте ел игілігіне қолданысқа берілуі тиіс. Сарыағаш ауданындағы мектептердің арасында жөндеу жұмыстары бекітілген кестеден кешіккендері бар. Әртүрлі себептер айтылады. Әйтсе де, басты мәселе көрініп тұр. Ол – жұмыс күшінің аздығы мен салғырт қарау. Қаржы жағынан мәселе жоқ. Облыс көлемінде тиісті қаражат, яғни 4,5 млрд. теңге бөлінген. Орындалған жұмыстардың актісіне байланысты ары қарай қаржыландыруға дайынбыз. Ал, кестеден кешіккен компанияларға айыппұл салынады. Мердігер мекемелер екі ауысымдық жұмысқа көшуге уәде беріп отыр. Осыған байланысты құрылыс компаниясына қатаң ескерту жасадық, құзырлы мекемелер айыппұл салады. Қайтадан шұғыл жұмысшы топ құрып, қадағалайтын боламыз, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Әкім орынбасарының айтуынша, жауапты компаниялар құрылыс шараларына ең алдымен жұмысшыларды қажетінше тартып, белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті. Өйткені, оқушылардың қалыпты оқу процесінен қалмауына жағдай жасауды көзделген. Қандай себеп болса да, тұрақты білім алуы шарт.

Сіргелі ауылында орналасқан №36 Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебінде шатыр ауыстыру, жылу, электр жүйелерін, сондай-ақ есік, терезелерді қалпына келтіру жұмыстарын қосқанда жұмыстар 75 пайызға аяқталған. Қызылжар ауылындағы №75 Ж.Жабаев атындағы білім ұясының сыртқы қабырғасы толығымен металоцерепицамен қапталып, ішкі қабырғалары қырып қайта сыланды. Есік-терезелері мен коммуналдық жүйелері, шатыры ауыстырылды. Жөндеу шараларының 95 пайызы орындалған.

Ынтымақ ауылындағы №8 Айни атындағы және Қапланбектегі №13 Мәңгілік ел жалпы орта мектебінде ішкі қабырғаларды әрлеу, сырлау жұмыстары мен есік-терезелер, электр және жылу жүйелері жаңартылуда. Яғни 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай аяқталады. Ал, Көктерек кентінде №16 Панфилов мектебі кестеден кешігуде. Жаңа оқу жылы басталғанда мұнда 1300-ден астам бала білім ұясының табалдырығын аттауы қажет.

Жалпы Түркістан облысында 1275 білім беру мекемесі бар. Оның 98-і Сарыағаш ауданында орналасқан болса, 78-і мектеп. Ауданда 58 мыңнан астам оқушы білім алады. 1000 мектеп бағдарламасы аясында 3 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында 10 мектеп салынады.

Облыс әкімінің орынбасары Сарыағаш ауданы көлемінде бастауыш сыныптағы 30 мың бала қыркүйектен бастап ыстық тамақпен қамтылатынын атап өтті. Тиісті деңгейде ұйымдастыру үшін салаға жауаптылар мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын түгелдеп шығатын болатынын мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


—-

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ЭТОМ ГОДУ КАПИТАЛЬНО ОТРЕМОНТИРУЮТ 20 ШКОЛ

В Туркестанской области в этом году запланирован капитальный ремонт 20-ти школ. К примеру, в Сарыагашском районе необходимо провести ремонт семи объектов образования. Из них четыре образовательных объекта района отремонтируют в рамках программы «Ауыл — ел бесігі», оставшиеся три школы — за счет областного бюджета. Недавно в эксплуатацию была сдана одна школа. Работы по одной школе перейдут на 2024 год. В остальных пяти школах проходит ремонт.

Заместитель акима Туркестанской области Бейсен Тажибаев посетил Сарыагашский район и данные школы.

— Мы организовали группы для мониторинга хода подготовки школ к предстоящему учебному году. С проблемами, которые могут возникнуть в районных школах, я лично ознакомился. Из 20-ти ремонтируемых школ 15 должны быть сданы в эксплуатацию к 1 сентября. Сроки ремонта в некоторых школах Сарыагашского района отстают от утвержденного графика. Называются разные причины. Тем не менее, основная проблема очевидна — это дефицит рабочей силы и небрежное отношение. С финансами проблем нет. Для области выделено 4,5 миллиарда тенге. Мы готовы и к дальнейшему финансированию по результатам актов выполненных работ. А компании, опоздавшие с графиком, будут оштрафованы. Подрядные организации обещают перейти на двухсменную работу. В связи с этим мы сделали жесткое предупреждение строительным компаниям. Мы создадим оперативную группу и будем следить за работой, — сказал замакима.

По словам Б. Тажибаева, ответственные компании обязаны завершить строительные мероприятия в установленные сроки и, если нужно, привлекать рабочих по мере необходимости. Ведь учащимся должен быть обеспечен беспрерывный учебный процесс.

В общей средней школе №36 имени Токмухамедова в селе Сіргелі работы завершены на 75%, включая замену кровли, ремонт тепловых и электрических систем, дверей, окон. Наружная стена школы имени Ж. Жабаева №75 в селе Кызылжар полностью покрыта металлочерепицей, внутренние стены отделаны заново. Заменены двери, окна, коммунальные системы, крыша. 95% ремонтных мероприятий выполнено.

В общей средней школе №8 имени Айни в селе Капланбек и общей средней школе №13 Мәңгілік ел в селе Ынтымак ведутся работы по отделке внутренних стен, покраске и обновлению дверей и окон, электро- и тепловых сетей.

Капитальный ремонт этих четырех школ будет завершен по графику.

А вот ремонтные работы в школе №16 имени Панфилова в поселке Коктерек отстают от графика. В начале нового учебного года более 1300 детей должны переступить порог объекта.

Всего в Туркестанской области 1275 образовательных учреждений. Из них 98 (в том числе 78 школ) находятся в Сарыагашском районе. В районе обучаются более 58 тысяч учащихся. В рамках программы «1000 школ» в районе строятся три школы, их планируется ввести в эксплуатацию до конца года. По национальному проекту «Комфортная школа» в 2023-2025 годах будет построено 10 школ.

Заместитель акима области отметил, что в Сарыагашском районе с сентября горячим питанием будут охвачены 30 тысяч учащихся начальных классов. Для организации питания на должном уровне материально-техническая база школьных столовых будет улучшена.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ОРТАЛЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *