БизнесЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН 156 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ АЙНАЛЫСАДЫ

Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, соның шеңберінде жылына 6640 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 3 579 тонна өндірілген. Осы орайда Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен журналистер Ордабасы, Сайрам аудандарына баспасөз-турымен барып, аудандағы балық өсіру кәсіпорындарының қызметімен танысты.

Ең алдымен БАҚ өкілдері Ордабасы ауданындағы 2019 жылдан бастап жылына 200 тоннаға жуық «африкалық сом» балығын өндіретін «Алина» шаруа қожалығына аялдады. Жылына 500 тонна балық өндіретін шаруа қожалықта «сазан», «дөңмаңдай», тұқы балықтары да өсірілуде.

Онда өндірілетін балық өнімдері қаладағы мейрамханаларға және балық сататын дүкендерге үздіксіз жеткізілуде. Соңғы екі жылда балықтарға сұраныс артқан. Шаруа қожалықтың бас маманы Данияр Рахымжанов бұл межемен тоқтап қалмай, алдағы уақытта балық өнімін көбейтуді жоспарлауда. Бұған қоса, балықтарды қайта өңдеу және балықтарға арналған құрама жем өндіру цехын құруды да көздеп отыр.

Жалпы, Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айданы тіркеліп, оның 84-і табиғат пайдаланушыларға берілген. Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Солардың бірінде болған журналистер Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығының жұмысымен танысты. «Көмеш Балық» иелігіне үлкен 17 көл және кіші 14 көл кіреді. Әрқайсысынан күз айларында 50-60 тоннаға дейін балық өндіріледі. Балықтың сан алуан түрін өсірумен айналысатын мекеме былтыр 700 тонна тауырлы балық өндірген. Биылғы жоспар 1 мың тоннаға жеткізу.

– Бүгінгі таңда мұнда балық шаруашылығының қуаттылығы жылына 721 мың тоннадан асады. «Күміс тұқы», «ақ амур», «көксерке», «тұқы» балықтары өсіріледі. Сондай-ақ мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде, – бас маманы әрі басқарушысы Бақытбек Төрегелдиев.

«Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, өңірде 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

— Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес. Облыс әкімі балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін тапсырған болатын. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілді. Мұндағы мақсат – тауарлы балықтың көлемін ұлғайту. Осы бағдарлама аясында облыс көлемінде көптеген шаруашылықтар ашылды, — деді ол.

Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Мысалы, акваөсіру бойынша биылға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 30 шаруашылыққа субсидия беріліп толығымен игерілді. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға биылға республикалық бюджеттен 226 миллион теңге қаралған. Бүгінде жоспарға сәйкес жаңадан 30 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде төртеуі үйіргелік аулада ашылған. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды қарқынды жүргізіп, нормаға сәйкес облыс тұрғындарының балық өнімін тұтынуын толық қамтамасыз ету және балық өнімдерінің экспортын арттыру жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТОВАРНЫМ РЫБОВОДСТВОМ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАНИМАЮТСЯ 156 СУБЪЕКТОВ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

В Туркестанской области утверждена региональная программа развития рыбного хозяйства, в рамках которой планируется выращивать 6640 тонн рыбы в год. По итогам первого квартала произведено 3579 тонн. В связи с этим управление природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области организовало пресс-тур по Ордабасынскому и Сайрамскому районам, в ходе которого журналисты ознакомились с деятельностью рыбоводных предприятий.

Сначала представители СМИ посетили крестьянское хозяйство «Алина» в Ордабасинском районе, которое было открыто в 2019 году. Здесь выращивают около 200 тонн африканского сома в год. Кроме того, здесь разводят карпа и толстолобика. Ежегодно производится 500 тонн рыбы.

Производимая рыбная продукция незамедлительно доставляется в рестораны и рыбные магазины города. За последние два года спрос на рыбу вырос. Главный специалист крестьянского хозяйства Данияр Рахимжанов, планирует в дальнейшем увеличить производство рыбы. Кроме того, здесь намерены создать цеха по переработке рыбы и производству комбикормов для рыб.

Всего в Туркестанской области зарегистрировано 104 водоемов местного значения, из них 84 переданы природопользователям. Туркестанская область лидирует в стране по разведению рыбы в искусственных озерах. Товарным рыбоводством занимаются 156 субъектов предпринимательства.

Журналисты ознакомились и с работой рыбного хозяйства в Сайрамском районе. Во владения компании «Көмеш Балық» входят 17 больших и 14 малых озер. Каждое озеро в осенние месяцы производит до 50-60 тонн рыбы. Предприятие, занимающееся выращиванием различных видов рыбы, в прошлом году произвело 700 тонн рыбы. План на этот год — 1000 тонн.

— На сегодняшний день мощность нашего рыбного хозяйства превышает 721 тысячу тонн в год. Разводим толстолобика, белого амура, судака, карпа. Положительное влияние на развитие рыбного хозяйства в регионе оказывает программа субсидирования государством 30 процентов затрат на закуп кормов, используемых для аквакультуры, — говорит главный специалист и управляющий Бакытбек Торегельдиев.

Как сообщил заместитель руководителя Аральско-Сырдарьинской межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства Мейржан Умралиев, объем товарного рыбоводства в регионе до 2030 года планируется довести до 20 тыс. тонн.

— Государство оказывает большую поддержку предпринимателям, которые намерены заниматься рыбным хозяйством. Аким области поручил уделить особое внимание этой отрасли. В соответствии с его поручением в регионе утверждена региональная программа развития рыбного хозяйства. Цель — увеличить объем товарной рыбы. В рамках этой программы в области открыто много хозяйств, — сказал он.

На развитие аквакультуры в этом году из местного бюджета выделено 500 млн тенге. На сегодняшний день 30 хозяйств полностью освоили субсидии. Кроме того, на субсидирование инвестиционных вложений из республиканского бюджета в этом году предусмотрено 226 млн тенге. В соответствии с планом открыто 30 новых прудовых рыбных хозяйств. В дальнейшем работы в данном направлении планируется проводить интенсивно, обеспечить полное потребление рыбной продукции населением в соответствии с нормой области и увеличить экспорт рыбной продукции.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Түркістан облысы Табиғи ресурстар басқармасы

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Көкөніс сақтайтын қойма болмағандықтан, кәсібінен бас тартқан..

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *