Сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Оқу бағдарлама азаматтардың мынадай санаттарына арналған: несие бойынша қарыздар бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттен бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, АӘК алатын азаматшалар. Қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Жоба аясында ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарлануда. Оларды қаржы мамандары оқытады. «Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы кезеңінде еліміздің 8 өңірі қамтылады: Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстары. Түркістан облысы бойынша оқу биыл 2 мамырда басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Бір топтың оқу мерзімі (5) күн, бір топтағы қатысушылардың саны (70) адам, бір айда оқитын топтардың саны – (3). Түлкібас ауданы бойынша оқу семинар 2023 жылдың 26 маусымында басталып, тамыз айының ортасына дейін жалғасады. 1 жарым айға жуық уақыт ішінде бүкіл округ қамтылады деп күтілуде. Бүгінгі күні Түлкібас ауданы бойынша алғашқы оқу-семинар Балықты және Мичурин ауылдық округінтерінде өткізілуде. Мичурин ауылдық округіне қаржы тренері С.Исимова және Балықты ауылдық округінде А.Салауатов дәріс беруде. Барлық қатысушыларға әр аптаның оңында семинар сабағына қатысқандығын растайтын сертификат табысталады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
Барша округ тұрғындарын аталмыш жобаға белсене қатысуға шақырамыз.
Comments