«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Міне бүгін 2023 жылдың 2 мамырынан бастап Сарыағаш ауданында Жарты төбе және Жібек жолы ауылдық округтерінде 2 топ ұйымдастырылып тегін оқыту басталды. Оқудың ашылу рәсіміне “AMANAT”партиясы Түркістан облыстық Атқарушы хатшысының орынбасары Б. Тұрсынбаев, аудандық партия төрағасы Қ.Қыстаубаев қатысып оқудың маңызды бағыттарына түсініктер берді. Сондай-ақ Жарты төбе және Жібек жолы ауылдық округтерінің салалық қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылуда:
1. несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
2. дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
3. жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Сондай-ақ оқуға жоба аясында ауылдық елді мекендерден қаржылық сауаттылығымды арттырамын деген ниеті бар азаматтарда қамтылуда.
Жобаға қатысушылар
өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді.
Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын,
алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.
Оқуға қатысып қаржылық сауаттарыңызды арттырыңыздар.
Comments