АймақҚоғам

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” АТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА.

2 мамыр күні, Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округінде «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары өтті, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ.
Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Достық ауылдық округінде өтті. Жобаға 60-қа жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, — деді Дулат Мынбаев.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Айта кетейік 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

«Қарызсыз қоғам» жобасының оқуы басталды

Алдыңғы

“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Шардара ауданында басталды.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *