ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Төлеби ауданында «ALMA-TAU» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп, бұл саланы мемлекеттің маңызды басым бағыттары санатына қосып келеді. Осы орайда бүгін спорт жанашыры Абдиев Шыңғыс Садикаримұлының демеушілігімен «ALMA-TAU» спорттық-сауықтыру кешенін пайдалануға бергелі отырмыз. Таяуда ғана бокстан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен, әлем чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиындарын еліміздің құрама командасы осы кешенде сәтті аяқтап, ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс жүлде сыйлаған болатын», — деген облыс әкімі демеушіге бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосып жатқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

24 га аумақта орналасқан заманауи спорт кешені 5 залдан тұрады, жалпы ауданы 5 183 шаршы метрден асады. Спорттық кешенде 234 адамға арналған қонақүй, командалық ойындарды өткізуге арналған волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, шағын футболға арналған залдар бар. Сондай-ақ, бокстан, еркін және грек-рим күресінен, самбо, каратэ, дзюдодан жарыстар мен спаррингтер, таэквондо, семсерлесу, үстел теннисі және көркем гимнастикамен айналысуға мүмкіндік жасалған. Одан бөлек, ауыр атлетикамен айналысу үшін заманауи тренажер залдар, кардио аймақтары, жүгіру жолдары, стационарлық велосипедтер бар.

Айта кетсек, спорт кешенінде 72 душ және 443 киім ауыстыратын бөлме қарастырылған. Барлық үй-жайлар кәсіби климаттық бақылау жүйелерімен және еденді жылытумен жабдықталған. Сондай-ақ, 100 орындық конференц-зал, медициналық пункт және массаж кабинеттері бар.

«ALMA-TAU» спорттық-сауықтыру кешенінің дамыған инфрақұрылымы 400 спортшыға дейін оқу-жаттығу жиындары мен жалпы дене шынықтыру даярлығын өткізу үшін қолайлы. Сонымен қатар, кешенде 117 бөлмелі қонақүй кешені, орыс және сақ моншалары, екі ересек және балалар бассейні, 400 орынға дейін фастфуд мейрамханасы бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

***********

ТУРКЕСТАН: АКИМ ОБЛАСТИ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАБОТОЙ НОВОГО СПОРТИВНОГО КОМПЛЕКСА

В честь 5-летия образования Туркестанской области в Толебийском районе состоялось открытие спортивного комплекса «ALMA-TAU».

Аким области Дархан Сатыбалды принял участие в открытии нового спортивного объекта.

«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию спорта в нашей стране и ставит эту отрасль в категорию важнейших приоритетных направлений государства. В этой связи сегодня мы планируем ввести в эксплуатацию спортивно-оздоровительный комплекс «ALMA-TAU», спонсируемый любителем спорта Абдиевым Шынгысом Садикаримовичем. Совсем недавно, в столице Узбекистана Ташкенте, учебно-тренировочные сборы перед чемпионатом мира по боксу были успешно завершены сборной командой страны в этом комплексе, в копилке страны было 4 золотых и 1 серебряная награды», — поблагодарил спонсора аким области за значительный вклад в развитие массового спорта и физической культуры.

Современный спортивный комплекс, расположенный на территории 24 га, состоит из 5 залов общей площадью более 5 183 квадратных метров. В спортивном комплексе есть гостиница на 234 человека, залы для проведения командных игр, волейбола, баскетбола, гандбола, бадминтона, мини-футбола. Также предусмотрены соревнования и спарринги по боксу, вольной и греко-римской борьбе, самбо, каратэ, дзюдо, тхэквондо, фехтование, настольный теннис и художественная гимнастика. Кроме того, для занятий тяжелой атлетикой доступны современные тренажерные залы, кардиотренажеры, беговые дорожки, велотренажеры.

К слову, в спорткомплексе предусмотрено 72 душевых и 443 раздевалки. Все помещения оснащены профессиональными системами климат-контроля и теплого пола. Также имеется конференц-зал на 100 мест, медицинский пункт и массажный кабинет.

Развитая инфраструктура спортивно-оздоровительного комплекса» ALMA-TAU » подходит для проведения учебно-тренировочных сборов и общей физической подготовки до 400 спортсменов. Кроме того, в комплексе есть гостиничный комплекс на 117 номеров, русская и сакская бани, два взрослых и детский бассейн, ресторан быстрого питания на 400 мест.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ТҮЛКІБАСТА БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ОРДАБАСЫДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *