Түркістанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өтуде. Спорттық сайыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 5-9 маусым күндері аралығында рухани Астанада орналасқан спорт кешендерінде өткізіліп жатыр. Өңірдегі мемқызмекерлер волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды.
«Өздеріңізге мәлім, жарыстың негізгі мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауындағы салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру. Мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту арқылы халықты жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту. Айтулы күнмен баршаңызды құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке тілеймін. Мемлекеттік қызметші болу мол жауапкершілікті жүктейді. Қиындығы мен қуанышы мол жұмыста әрдайым табысты болыңыздар. Жаңа Қазақстанды дамыту жолында бірлесіп еңбек ете берейік», деді Бейсен Дәулетұлы.
Мемлекеттік қызметшілері арасындағы спорттық дода Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОХОДИТ ОБЛАСТНАЯ СПАРТАКИАДА, ПОСВЯЩЕННАЯ ДНЮ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ
В Туркестане проходит областная спартакиада, посвященная Дню государственных служащих (23 июня). На открытии спортивных состязаний с приветственным словом выступили заместитель акима области Бейсен Тажибаев, председатель областного маслихата Нуралы Абишев, руководитель департамента по делам государственной службы по Туркестанской области Оркен Балажанов. Они пожелали всем участникам удачи.
Соревнования проводятся с 5 по 9 июня в спортивных комплексах Туркестана.
Госслужащие соревнуются в таких видах спорта, как волейбол, мини-футбол, қазақ күресі, плавание, настольный теннис, тогызкумалак, бильярд.
«Основная цель соревнований — реализация поручения Президента страны по развитию здорового образа жизни и массового спорта, привлечение госслужащих к систематическим занятиям спортом путем укрепления дружеских отношений. Быть государственным служащим — большая ответственность. Желаю успехов в работе! Продолжим совместную работу по развитию нового Казахстана», — сказал Б. Тажибаев.
Спартакиада среди государственных служащих организована в честь пятилетия образования Туркестанской области. Победителей и призеров соревнований наградят кубками, дипломами и медалями.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments