ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамЭкономика

Табысын төсеніштен тапқан…

Бүгінде кәсібінен нәсібін тауып, тәуелсіз елдің экономикасына 

аз да болса үлесімді қосам деген жанға жыл сайын мемлекет тарапыннан қайтарымсыз гранттар ел игілігіне таратылып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Грант алып кәсіптің тың түрін дөңгелеткендер де аз емес. Бірі – пластмасса құтысының қалдықтарынан сыпыртқы өндіріп жатса, ал бүгінгі біздің кейіпкеріміз Бастау-Бизнес жобасының түлегі, 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың иегері, Жетісу облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының түрғыны Оралбаева Перизат Қайратқызы. Соңғы кезде автокөлік жүргізушілері арасында кең сұранысқа ие, Eva (сэвилен) материалынан жасалатын, экологиялық таза және жағымсыз иісі болмайтын «Eva төсеніштерін» тігетін шағын цех ашып, табысқа кенеліп отырған кәсіп иесіне ағымдағы қаңтар айының 30 күні Атамекен ҰКП Жетісу облысы, Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат арнайы барып бүгінгі тыныс – тіршілігімен танысып қайтты.

Перизат Қайратқызының айтуынша:

— Соңғы кезде элекетронды сауда алаңдарында Eva кілемшелерге деген сұраныс артып жатқанын аңғарып, жасымнан тігінді жаныма серік еткен соң бағымды осы салада сынап көруді ойладым. Мемлекеттік грантты ұтып алып, өнім шығара бастаған кезде алғашында өнімдерімді әлеуметтік желі арқылы жарнама жасадым. Кейін аудан халқы бір-бірінен естіп тұтынушылардың қарасы көбейе бастады. Қазір шүкір тапсырыс біршама келіп түседі, – дейді.

Аудандық кәспкерлік палата басшысы:

— Расында бүгінгі таңы кәсіп ашып және кәсіптің қай түрін айналысамын десең де мемлекет тарапынан аз қолдау көрсетіліп жатқан жоқ. «Табысқа кенелудің құпиясы – тәуекел мен сапалы өнім шығару» дегендей, тек тірліктің тетігін тауып, тәуекелге бара білсең болғаны, — деді.

СТАБИЛЬНОСТЬ – ГАРАНТ СПОКОЙСТВИЯ ОБЩЕСТВА

Алдыңғы

ОТАНДЫ СҮЙ, ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТ, АДАЛ БОЛ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *