Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Конгресс холл» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, белсенді мүшелерінің Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлімен кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин қатысты.
Кездесу мақсаты — қоғамдық келісімді қалыптастыруға үлкен үлес қосып отырған ЭМБ басшыларымен бірлесе жүзеге асып отырған жұмысты жетілдіру жолдарын талқылау.
Жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы жүргізді.
Кездесуде Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қошқаров Райымжан Саттарұлы, облыстық-татар башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Аюпов Фарид Галимович, облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі төрағасының орынбасары Раван-Нахчивани Индира Замирқызы, облыстық қоғамдық-саяси «Южный Казахстан»газетінің бас редакторы Лимаренко Марина Анатольевна сөз сөйледі.
Жиында Дархан Қуандықұлы Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ибрагимова Мухаббат Сейдахметқызына ҚР Президенті — Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін табыстады.
Comments