25 қазан — Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн мен той» іс-шарасына сәйкес, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында жастар арасында семинар-тренинг өтті.
Шараның мақсаты – жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған облыстық «Samgau-Up-Shift» жобасы аясында жастарды қолдау.
Екі күнге созылған семинар-тренингтің алғашқы күнінде жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша сөз қозғалды. Басқосуда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова, «Жастар саясатындағы өзгерістерді талқылау» – «Jastar qyzmetkerleri» қоғамдастығының сарапшысы Сымбат Абдрахманова, «Әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын дамыту» — «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы, Инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы, ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Динара Наумова сынды мамандар лекция оқыды.
Шараның екінші күні квест ойындары ұйымдастырылып, жастар сарапшылармен бірге жоба әзірлеп, қорғады. Ең таңдаулы жобалар марапатталып, үздік танылған жобаларға қаржылай сыйлықтар берілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments