Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясы күнінің қарсаңында балалар жылына орай, Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимараты алдында «Біз бақытты баламыз!» мерекелік іс-шарасы өтті.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген Іс-шара «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Іс-шараға қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық ҚХА жанындағы құрылымдардың басшылары, сондай-ақ, қала тұрғындары мен түрлі этнос өкілдерінің балалары, ата-аналары, өнерпаз балалар, жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты.
Мереке барысында қалалық Оқушылар сарайының «Айгөлек» халықтық хореографиялық би ансамблі, «Алтын ғасыр» әншілер тобы, аниматор-қуыршақтар, роботтар және т.б. өнерпаз балалар өнерлерін көрсетіп, көпшілікке шаттыққа толы көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, мерекелік шарада балаларға арналған батуттар, әткеншектер, гидроскутерлер, т.б. ойын алаңдары ұйымдастырылды. Балаларға арнайы сыйлықтар, балмұздақтар мен попкорндар таратылды. Іс-шара соңы балаларға арналған мерекелік фуршетке ұласты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Соған сәйкес ұйымдастырылып отырған шараның қатысушы балаларға берері мол болмақ.
#Бірлікдамуүшін
#ҚоғамдықКелісімБаспасөзҚызметі
Comments