Бүгін Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабындағы жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу мақсаты – жергілікті тұрғындарға, жастар өкілдеріне қоғамдық келісімді сақтау, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын нығайту, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу мәселелерін түсіндіру болды.
Comments