Көңілдің түкпірінде жүрген мәселелерге Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы тұжырым жасады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта инфляцияны төмендету, бағаны тұрақтандыру, жұмыспен қамту ,жолдардың сапасы жөнінде жұмыстардың көңіл көншімейтідігіне тоқталды. Шынында да “Казавтожол,”Казахавтодор» деген аттарының өзі-ақ айтып тұр екеуінің бір жұмыспен айналысатындығы. Менің бір мамандығым экономист. Кезінде Фридманның оқулығын бәріміз оқығанбыз. Сондағы спрос пен предложение деген терминдер әлі ескірген жоқ.Заман ағымына сай. Бізде баға жоғары деп нарыққа жаба саламыз. Халықтың қажеттілік-сұранысы (спрос) пен ұсынысты (предложение) салыстырған жан бар ма? Қандай бәсекелестік жөнінде әңгіме болуы мүмкін? Өндіріс орындары өте аз. Ұсыныс жасайтын көбінесе делдалдар не болмаса Мемлекет басшысы меңзегендей алыпсатарлар. Әрине міндетті түрде алыпсатар өзінің үстеме (надбавкасын) қоймаса оларға тиімді емес. Бұл тұста алыпсатарлар арасында бәсекелестік үдей түседі Бұдан халықтың -тұтынушының қалтасына салмақ түсіп, қаржылық сатып алу мүмкіндігі кеми түседі. Сол себепті Мемлекет басшысының өндірушіге қаржылық қолдау көрсету механизмін жасау жөніндегі ойы ұтымды. Біріншіден жаңа өндіріс ашылса жұмыс орындары ашылады, халық жұмыспен қамтылады, екіншіден алған жалақы елімізде қалып, ақша айналымының жылдамдығы артады, үшіншіден өзге елге тауарға тәуелділіктен біртіндеп арыламыз.Осылайша арман болған анда-санда басын бір қылтитып көрсететін қазақстандық өнім үлесі артып, ірілі -ұсақты кәсіпорындар бой көтеретін болады. Бұл — талдауды қажет ететін барлық саланы қамтитын тақырып. Кеңейтілген мәжіліс ел жұртты дүр сілкіндірді.
Comments