ЖаңалықтарҚоғам

«Алға қойған межелері көңілге қонымды»

Өмірзақ Естайұлының облыс экономикасының өркендеуіне қосқан үлесі орасан дап жатыр кездесуге келген халық. Дұрыс. Істің көзін біледі. Қазақта “Мал тапқанша, есеп тап” деген өмірдегі тәжірибеден алған сөз бар. Жұмысты жүйелей білді. Ешкім айтпаған бір мәселе бар,  соны айтсам деймін. .Саясат әлемінде сыртта болсын, іште болсын қоғамдық саяси ахуал деген критерий бар. Облыс әкімі осы мәселеге аса  көңіл бөлді. Айта-айта жүретін «Қаңтар оқиғасы» тұсында облыста бейбіт түрде тарқады, бірлі жарым митингілер .Ешкімге бағынбай кетті,  қол қусырып отырды» деген құқық қорғау органдары біздің облыста сақадай сай тұрды, бақылау да, жұртшылықпен жұмыс та асқан тыңғылықты жүріп отырды .Ең бастысы болжам дұрыс болды. Желтоқсанның соңғы күндері Өмірзақ Естайұлы барлық құрылымдарға Жаңа жыл қарсаңында сақтықты қолға алуды тапсырды Соның нәтижесінде тиісті жұмыстар атқарылды  Облыста қоғамдық саяси жағдай тұрақты болды басқа өңірлермен мүлдем салыстыруға болмайтын еді. Арыста төтенше жағдай болғанда есі шығып дүрбелең болған тұрғындарға “Мен сіздермен бірге осында келіп тұрамын” дегенде жұрт сілтідей тынып жүйелі сөзге тұрды, сенді . Шынында да штаб Арыста болып Өмірзақ Естайұлы ел жұрт не жесе соны жеп, не ішсе соны ішті. Мақтааралды су алғанда резеңкі етік киіп, үйді-үйді аралап, тұрғындармен тілдесіп, елді жұмылдырды. Осылайша тез шапшаң қимылдың арқасында Мақтаарал өңірінде қалаға ұқсас біркелкі әдемі үйлер бой көтерді. Ауыл гүлденді. Бұрынғы Мырзашөл өңірінің реңі кіріп аз уақытта түрленіп шыға келді. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жаңа үйге кіргендегі қуанышында шек жоқ еді. Көктемдегі жауынның салдарынан болатын су апаттарынан шығын келтірмеу үшін  таулы аудандарда қыруар шаруа қолға алынды.Мен көпшіліктің арасында жүріп тек жақсы сөз естимін облыс әкімі туралы.  Оны  қағазға түсіру азаматтық парызым. Жаңа Қазақстанды жасайтын адамдар десек, білімді, бірсөзді,  тәжірибесі мол Өмірзақ Естайұлының Түркістанға жасары әлі алда. Бұл ел сөзі.Саяси көзқарасы нық,жүйелі жұмыс жүргізіп, елдің сөзін естіп проблемаларды нақты шеше алатын әкімнің  Түркістан өңірін әлемге танымал ету үшін  межелері көңілге қонымды.Елді  көркейтіп, Түркістанға туристерді тарту жақсы жолға қойылуда. Жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға мемлекет әкім ғана емес тұрғындардың өзі де мүдделі болуы тиіс.Көп қаржыны қажет етпейтін отбасылық кәсіпті жолға қою керек. Алысқа барудың керегі жоқ.  Көршілес өзбек, қырғыз елдерінде, әсіресе отбасылық жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Қытайға барсаңыз әр үйде шағын станоктар жұмыс жасайды. Үлкен завод- фабриканы күтіп отырудың қажеті жоқ. Әр өнімнің өз тұтынушысы бар. .Қалтасына қарай тұтынушылық қабілеті. Табыс көзі артқан сайын халықтың табысы да артатыны сөзсіз.Бұл менің ғана емес жастың да, кәрінің де,бәрінің ойы.                                                                                                                                         Қалыйма Жантөреева,

Түркістан облыстық мәслихат депутаты,

Түркістан облысының Құрметті азаматы

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА: «Талдауды қажет ететін тақырып»

Алдыңғы

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *