Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі: 38,2 млрд тг — өткен жылға қарағанда құндық мәнде 16,4%-ға артық. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігіне астана (17,1 млрд тг, жылына плюс 47,3%) және Шымкент (8,3 млрд тг, плюс 30,3%) кірді.
Сектордағы көрсетілетін қызметтердің ең аз көлемі Қызылорда облысында тіркелген: 1,3 млрд тг, жылдық өсім — 1,9 есе.
Жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемінің ең көп жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді (6,2 есе, 1,9 млрд тг дейін), ең азы — Ақтөбе облысында (3,6%-ға, 4,3 млрд тг дейін). Сонымен қатар, Түркістан облысында секторда көрсетілген қызметтер көлемі қысқарып, өңір үшін айтарлықтай 14%-ға, 2,4 млрд тг дейін азайды.
Меншік түрлері бөлінісінде ең көп қызметтерді сектордың жеке кәсіпорындары көрсетті: 74,5 млрд тг — өткен жылға қарағанда 37,3%-ға артық. Тағы 27,8 млрд тг мемлекеттік мекемелердің, 447,2 млн тг шетелдік компаниялардың қызметтері құрады.
Кәсіпорындардың өлшемділігі бойынша қызметтердің басым бөлігін ірі компаниялар көрсетті: 87,8 млрд тг — өткен жылға қарағанда 24,5%-ға артық. Шағын кәсіпорындарға 9,9 млрд тг, орта кәсіпорындарға — 5 млрд тг болды.
QS World University Rankings 2023 әлемнің әр түкпірінен шамамен бір жарым мың жоғары оқу орнын қамтитын рейтингіне 16 қазақстандық университет қатысты. Оның ішінде 500 үздік ЖОО қатарына бес ЖОО түсті: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті.
Топ-1000-ға тағы 8 жоғары оқу орны кірді: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және «КИМЭП Университеті» ҰАК.
Сонымен қатар, қазақстандық талапкерлердің үштен бірі ҰБТ-ның шекті балынан өте алмады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ.
Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балды 103 мыңнан астам оқуға түсуші жинады. Көрсеткіш өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда 7%-ға артты. 51 мың тестіден өтуші немесе жалпы санның 33%-ы шекті балдан өте алмады. ҰБТ орташа нәтижесі 66 балды құрады.
Comments