ЖаңалықтарЖастар саясаты

СЕҢ ҚОЗҒАЛДЫ, ЕНДЕШЕ СЕН ДЕ ҚОЗҒАЛ   

«Аманат» партиясы жастар қанатының кезектен тыс алтыншы құрылтайы Жаңа Қазақстан жастарына айырықша үш маңызды бағытты көрсетті. Осы үш бағытпен жүрсеңдер жолға түскен жорғадай боласыңдар деген ойды меңзеді.

1. Терең білім.

2. Еңбекқорлық.

3. Отаншылдық қасиет.

Баяғы Білге қаған заманында бабаларымыз «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деп қара тасқа қашап жазып кеткен жоқ па? Қазіргі кезде де ел болып еңсе көтеру үшін ошақтың үш бұтындай үш нәрседен ажырамау керек.

1. Ұлттық рух.

2. Ұлттық қасиет.

3. Ұлтқа деген сенім. 

Осы үш қасиетті тұла бойына тұндырып өскен жастарымыздың жұлдызы жоғары болатыны айдан анық. Мұның бәрі «Алма піс, аузыма түс!» деп аспаннан жаңбырдай жауа салмайтыны белгілі. Ендеше кілті қайда?

Болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Оның кілтін қайдан табамыз? Жатқан түйенің аузына жантақ іліне ме? Ілінбейді. Әңгіме әрекетте, әрекетке берекет. «Жар басындағы жантақты жанынан безген түйе жейді» дейді аузы дуалы ата-бабамыз. Еліміз бәсекеге қабылетті болу үшін білімді әрі білікті өрендер өсіп-жетілу керек. Ең бірінші-ел мүддесі.Ел мүддесін биік қойсаң, өзің де биіктей түсесің.Жалынды ұраннан жасампаздық іске көшуді жастар бойына ұялатса, ертеңгі күні нағыз мемлекетшіл азамат боп өсетіні сөзсіз. Ең қуаныштысы-жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша агенттік құрылмақшы.Енді «Диплом алдың ба, қайда барсаң онда бар» деген немқұрайдылық болмайтын сыңайлы. Міне, жастарға деген жанашырлықтың бір парасы.Сең қозғалды, ендеше сен де қозғал!

Көпен ӘМІРБЕК

ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ШЕРУ ШЫМКЕНТКЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *