Жаңалықтар

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДА 41 ҮЙ САЛЫНУДА

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде арендалық 20 үй (1320 пәтер), кредиттік 31 үй (1652 пәтер).

Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылысымен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты. Осы жылы 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.

Тұранда құрылысы жүргізіліп жатқан 41 тұрғын үйдің үшеуі жазға дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. 1 шілдеге дейін 6 үйді пайдалануға беру жоспарда болса, қалған 32 үй жыл соңында қолданысқа беріледі.

Тұран шағын ауданын электрмен қамту жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. ішкі жүйлерді қамту жыл соңына дейін аяқталса, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнату 2023 жылға көзделген. Кәріз және табиғи газбен қамту жұмыстарының да кестеге сәйкес 2-кезегі жүргізілуде. Магистралды жүйелер орнатылған соң ғана ішкі жүйелер жүргізілмек. Мегаполис әкімі М.Әйтенов үйлердің сапалы соғылып, мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІКТІ ҰЛЫҚТАП, ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАМАШАЛАДЫ  

Алдыңғы

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына! 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *