Бүгін Ұлы Отан Соғысының ардагері, 97 жастағы Қазбаев Абылай атамызды мерекемен құттықтап, батасын алып қайттық. Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Кешегі бейбіт күн үшін күрескен сұрапыл соғыстағы батыр аталарымыз бен әжелеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды. Бұл мереке – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Өкінішке орай, жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Мерекеге орай, мемлекет тарапынан қаламыздың 7 ҰОС ардагерлеріне 1 102 680 теңгеден (360 АЕК) төленді. Сондай-ақ, 2570 тыл ардагерлеріне 36 756 теңгеден (12 АЕК), 2165 Ұлы Отан cоғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға 110 268 теңгеден (36 АЕК) және 130 ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 36 756 теңгеден (12 АЕК) берілді.
Comments