Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов және мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлының шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Бүгінде қаламызда Ұлы Отан соғысының жеті ардагері қалған. Ата-әжелеріміздің Отан қорғау мен еңбектегі ерлігі қандай құрметке болса да лайық.

Мәслихат хатшысы қарт майдангерге сый-сияпат жасап, қарияларға құрмет көрсету, оларға жан-жақты қолдау іс-шаралары жыл бойы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құттықтау іс-шарада орыс драма театрының әртістері Жеңіс әнін шырқап, мерекенің сәнін кіргізді. Батагөй қария еліміздің болашағы жарқын болуын тілеп, ақ батасын берді.

Биыл мамыр айында 97 жасқа толатын қарт майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған.

«Шымкент келбеті»-Тағабай ҚАСЫМ, ФОТО: Серік Қосаев

РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП, ДАУЫС БЕРУ — ЖАҢАРУДЫ ҚОЛДАУДЫҢ БЕЛГІСІ

Алдыңғы

ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ СЫНҒА ТҮСЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *