Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы «Барыс», «Жібек Жолы» және «Бірлік» сауда нысандарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Көтерме базарларды аралау барысында қала әкімі сауда нысандары басшыларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және санитарлық тазалықтың барлық талаптарын сақтаулары жөнінде ескертулер жасады.
📍«Барыс» базары — 2021 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасап келеді. Жалпы инвестиция көлемі 987 млн. теңгені құрайды. Нысанның жалпы көлемі 6 гектар болса, бүгінде қосымша 9 гектарға кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Инвестиция көлемі 287 млн теңгені құрайтын болады. Базарда көтерме саудамен көкөніс, жеміс-жидектер ұсынылады. Қазіргі таңда 350 нүктеде сауда жасалса, базар заманауи 25 қоймамен толығуда.
📍«Жібек жолы» базары — 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 80 мың кв.м көлемді сауда нысаны. Негізгі бағыты — көтерме бағада көкөніс өнімдерін саудалау. Базарда 150-ге жуық кәсіпкер жұмыс жасайды.
📍«Бірлік» базары — 2021 жылы құрылысы аяқталып, жаңадан іске қосылған сауда нысандарының бірі. Базардың жалпы инвестиция көлемі — 1,5 млрд тенгені құрайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments