🙋🏻♂️Таныс болыңыздар. Нұрахмет Алаш Шымкент қаласының тұрғыны. А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша тәмамдаған.
🔹2022 жылдың басында “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізіп, оған қаладағы “Камила” мектебі” ЖШС-на жолдама берілген. Қазіргі таңда аталған жекеменшік білім ошағында дене шынықтыру пәнінен балаларға дәріс беріп жүр.
🔹- “Жастар практикасымен” келгеніме еш өкінбеймін. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтау үшін таптырмас жоба. Барлық жастарды аталған бағдарламаға қорықпай қатысуға шақырамын, — дейді Нұрахмет Алаш.
🔹 Жалпы, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны саналады. Мерзімі — 12 ай. Жалақысы — 30 АЕК (91899 тг).
🔹 2021 жылы “Жастар практикасымен” 2500-ден астам жас түрлі мекемелерге, өндіріс орындарына, кәсіпорындарға жолданған. Нәтижесінде 1300-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан.
🔹 2022 жылы 2000 -нан астам жасты жолдау көзделсе, жыл басынан 700-ден астам жасқа жолдама берілген.
📌 Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі
Comments