ЖаңалықтарҚоғамРуханият

ҚАЗАҚТЫҢ АРЫСЫ, ҰЛТТЫҢ НАМЫСЫ — АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Халқымыз ірі тұлғаларға бай. Қазақты қазақ етіп, оның тарихын жасаған, айтулы ұлттардың қатарына қосып, әлемге атын шығарған да осы тұлғаларымыз. Оларды дәріптеу, кейінгі ұрпаққа таныстыру — үлкен тәрбиелік мәні бар өзекті мәселе.

Ғалымдарымыз халқымыздың хандары мен билерін, батырлары мен ақиық ақын-жыршыларының тұлғаларын зерттеп, олардың қазақ тарихындағы орны мен үлесін анықтауда қаншама жұмыстар атқарып жүр. Сондай-ақ, еліміздің өркендеуіне адал қызмет еткен, көрнекті қоғам қайраткерлерінің де ел басқарған, өнегелi өмірлері жан-жақты зерттелуде. Солардың бірі Асанбай Асқаровтың ел тарихындағы ойып алар орыны бар.

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 100 жыл толады. Осыған орай, бүгін мерейтой қарсаңында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның жетекшілігімен мәжіліс өтті. Онда мерейтойды атап өту маңыздылығы айқындалды. Мәжіліске Асанбай Асқаровтың тәрбие мектебінен өткен жазушы «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, қоғам қайраткерлері Досыбай Шерімқұлов, Жеңісбек Мәуленқұлов, Абдулла Ахметов, Орынбай Рахманбердиев және тағы басқалар  қатысты.

Жиын барысында қайраткердің өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесінің тозбайтындығы, оның мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар халық қазынасына айналғандығы туралы сөз болды. Ал жиын соңында 100 жылдық мерейтойдың танымдық тарихи тұстары шегеленіп, рухани шаралары белгіленді.

Шымкен қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН” ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

Алдыңғы

ДОСТЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА БИЫЛ 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *