Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 466 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

2025 жылға дейін Қаратау ауданындағы 466 көшеге асфальт төселеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен болған кездесуде мәлім етті.

Қала басшысы алдағы төрт жылда ауданда ұзындығы 441,2 шақырым болатын жолға асфальт төселетінін, өткен жылы 58,6 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Жалпы ауданда барлығы 1272 көше болса, оның 11 магистралды, 1261 ішкі орамдық көше. Ішкі орамдық көшелердің 28-і топырақ жол, 761 тас жол, ал 472-сі асфальт жол.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Алдыңғы

“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН” ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *